ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Сағынтаев субұрқақта адамдарды тоқ соққан оқиғаға қатысты пікір білдірді

Қала басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі

скриншот: видео

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter желісіндегі парақшасында субұрқақта адамдарды тоқ соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді.

«Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», - деп жазды қала басшысы.

Жазатайым оқиға 19 маусым күні кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, фонтан ішіне кірген балалар металл конструкцияны ұстаған сәтте оларды тоқ соққан. Балаларға көмекке ұмтылған әйелді де тоқ соғып, су ішінде құлап түскен.

Айта кетерлігі, мамандар аталмыш субұрқақты тексеріп шыққан. Қала әкімдігі тексеріс қорытындысы туралы толық ақпарат берілетінін мәлімдеді.

«Eco Almaty» ЖШС басшысы Жанна Асанова Алматы циркінің жанындағы субұрқақтағы жағдайға қатысты түсінік беріп, субұрқақтың техникалық жағдайына тоқталды. Ол субұрқақта «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.