Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокатының мәлімдемесіне жауап берді
Алексей Цой адвокат сұратқан құжаттар жоқ екенін айтты
8 маусымда экс-министр Елжан Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев қажетті дәлелдерді жинау кезінде Денсаулық сақтау министрлігі кедергі жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әкімшілік соттың шешімімен экс-министрге қатысты сұратқан құжаттарды уақытында бермегені үшін ведомствоға 40 812 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоға айыппұл салынбағанын, Денсаулық сақтау министрлігі қарсы шағым бергенін және сот шешімі заңды күшіне енбегенін айтты.
«Ол құжаттар бойынша белгілі бір мәселе бар. Барлық негізгі құжаттар тергеу аясында тәркіленген. Сондықтан құжаттарды бере алмаймыз, өйткені олар бізде жоқ. Құқық қорғау органдары министрлікке сұрау салып қанша келгенімен, біз құжаттар жоқ екенін, сондықтан бере алмайтынымызды айтамыз», - деді Алексей Цой.
Еске салайық, сот шешімімен Елтан Біртановты үйқамаққа ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 9 айға дейін ұзартылды, яғни 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдеге дейін.