Еліміздің басым бөлігінде күн суыта түседі – синоптиктер
15 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуі тоқтайды

15 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуі тоқтайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Құбылмалы күн райы шығыста және оңтүстік-шығыста сақталып, қар жауатыны болжанады. Оңтүстік-шығыста түнде қар молынан түседі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей аумағында тұман, көктайғақ болады. Түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.
Түркістан облысының кей тұсында тұман түсіп, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аумағына тұман түседі. Түнде Маңғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей өңірін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді.
Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей тұсында тұман күтіледі.
Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.