15.12.2019, 11:35
Жаңалықтар
Алматы облысында жер сілкінді
Жер сілкінісі Алматы облысында орналасқан Алтынемел ұлттық паркінің аумағында болған
Алматы облысы аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 желтоқсан күні 08 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 206 шақырым қашықтықта болған.
Some.kz сайтындағы картаға сәйкес, жер сілкінісі Алматы облысында орналасқан Алтынемел ұлттық паркінің аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 3.9. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)