$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2021, 01:26
Жаңалықтар

Қазақстанның 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстік облыстарда күн қатты ысиды

Қазақстанның 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды «Қазгидромет».

3 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең қалың тұман түседі деп күтілуде. Күндіз найзағай ойнап, дауылды жел тұрады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел күші секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Петропавлда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр соңы бұршаққа ұласады деп болжануда. Жылдамдығы секундына 15-20 метрлік жел тұрады.

3 маусымда Алматы облысында да күн күркіреп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады. Ауа температурасы +38 градусқа дейін ыстық.

Атырау облысында да бұл күні дауылды жел тұрып, күн +36 градусқа дейін ысиды. Өрт қаупі бар. Атырау қаласында найзағай ойнайды.

Қостанай облысында да жылдамдығы 15-20 метрлік, кей жерлерде 23 метрлік жел тұрады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде. Қостанай қаласында да дауылды жел мен жауын-шашын болады деген болжам бар.

Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/сек, күн күркіреп, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде құмды жел тұрады. Жел жылдамдығы 15-20 м/сек жетеді. Ауа температурасы 40 градустан жоғарылайды деп болжануда. Өрт қаупі сақталады.

3 маусымда Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде құмды жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары