$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 16:33
Жаңалықтар

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Қазақстандағы ақпараттық даму үш кезеңнен тұрады

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
көрнекі фото

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекжан Рақымов Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есеп жобасын таныстырып, бүгінге дейінгі Қазақстандық ақпарат кеңістігінің даму кезеңіне тоқталды.

Департамент басшысының айтуынша, Қазақстандағы ақпараттық даму үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең (1991 - 2014 жж.) - Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздікке ие болуымен және БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың қатарына кіруімен, соның салдарынан демократияландыру, орнықты даму және қоғамдық тұрақтылық бағытымен байланысты.

Екінші кезең (2015 – 2019 жж.) - ақпаратқа қол жеткізу туралы ұлттық заңның қабылдануымен және билік органдарының ашықтығы мен есеп беруінің қазақстандық моделінің қалыптастырумен ерекшеленді.

«Қазақстан 2015 жылдың 16 қарашасында көптен күткен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды қабылдап, оны іске асыра отырып, маңызды қадам жасады. Транспарентті есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бойынша институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған заң Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-қадамын орындау шеңберінде әзірленді және қабылданды», - деді Бекжан Рақымов.

Үшінші кезең (2020 жылдан бүгінге дейін) - құқық қолдану практикасын ескере отырып, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ ақпарат иеленушілердің ақпараттық ашықтық деңгейін арттыру қажеттілігімен ерекшеленді.

Мемлекеттік органдар мен Комиссия мүшелерінен келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар ескерілгенін атап өту қажет. Сондай-ақ, отырыста Комиссия мүшелері Б.Нұрғазиева, О. Диденко, Р. Ошақбаев сөз сөйледі.

Комиссия мүшелері есептің мазмұны бойынша оң пікір білдірді. Сонымен қатар, О.Диденко комиссияға есепті іске асыру барысын мониторингтеу өкілеттіктерін беру туралы ұсыныс білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия есеп мазмұнына бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Серіктес жаңалықтары