$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2019, 11:52
Жаңалықтар

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аймақтық филиал директоры пара алған сәтінде ұсталды (ВИДЕО)

Ол қоластындағы қызметкерден 150 мың теңге алды деген күдікке ілінді 

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының Қарағанды филиалының директоры сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Қарағанды филиалының директорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол қызмет бабында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден 150 мың теңге пара алды деп күдіктілуде», - делінген хабарламада. 

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Серіктес жаңалықтары