«Астана» - Еуропа лигасының топтық кезеңдегі ең осал команда
Елордалық команда 2019-2020 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңінде гол салу және гол жіберу бойынша ең төмен нәтиже көрсетті
Кеше 2019-2020 жылдарға арналған Еуропа лигасының топтық кезеңдегі матчтары аяқталды. Еурокубок матчтарының топтық кезеңінде Қазақстан атынан бақ сынаған «Астана» футбол клубы болатын.
«Астананың» Еуропаға жорығы биыл сәтсіз басталып, сәтсіз аяқталды. Топтан шыға алмайтын мүмкіндігі алғашқы үш матчтан кейін белгілі болды. Алты матчта 4 гол салып, қақпасына 19 гол жіберді. Голлландиялық «АЗ Алкмаар» командасы екі кездесуде «Астананың» қақпасына жауапсыз 11 гол салды. Қысқасы, «Астана» үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін ағылшындардың «Манчестер Юнайтеді» болатын. Алайда, елордалық команда «Юнайтедке» сырт алаңда 1-0 есебімен ұтылып, өз алаңында 2-1 есебімен жеңді. «Астана» үшін жалғыз жұбаныш - азулы «Манчестер Юнайтедті» жеңгені ғана. Әйтпесе, гол соғу/гол жіберу көрсеткіші жағынан Люксембургтың «Дюделанжынан» да кемшін түсті.
Жалпы, «Астана» колмандасы осымен бесінші маусым қатарынан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап келеді. Алайда, соңғы 5 жылда кездескен қарсыластары сан алуан болғанмен, ең осал көрсеткішін биылғы маусымда көрсетіп отыр. «Астана» ешқашан топтық кезеңде 4 ұпайдан кем алмаған және 11 голдан артық жіберген. Сондай-ақ 5 голдан кем салып көрмеген.
Назарларыңызға «Астананың» соңғы 5 маусымдағы топтық кезеңдегі көрсеткіштерін ұсынамыз.
2015-2016 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі
2016-2017 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының топтық кезеңі
2017-2018 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының топтық кезеңі
2018-2019 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының топтық кезеңі
2019-2020 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының топтық кезеңі