ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 678 адамнан коронавирус анықталды

«CNPC-Ақтөбемұнайгазға» қатысты тергеу басталды

Компания Ақтөбеде газ бағасын негізсіз өсірді деген күдікке ілінді 

Фото: ашық дереккөзден

Монополияға қарсы орган Ақтөбе облысында газ бағасының өсуіне байланысты «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ- на қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сұйытылған мұнай газын сату кезінде монополия мәртебесін пайдаланып, бағаны өсіріп белгілеу фактісі негізінде «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на қатысты тергеу басталды. Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы 8 газ желісі ұйымына (ірі және ұсақ) және 5 жанар-жағар май құю станциясына баға бойынша ауызжаласу белгілерінің байқалуы және газды сатудан негізсіз бас тартуға байланысты ескерту жіберілді», - делінген хабарламада.

10 жұмыс күні ішінде нарық қатысушылары бұл ескертуден нәтиже шығармаса, тергеу басталады, деп сөзін түйіндейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетіндегілер.