ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды

Astana Motorsport-тың бұрынғы капитаны 800 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

«Astana Motorsport» командасының бұрынғы автошабандозы Артур Ардавичус бірнеше рет түсінік беру үшін Қазақстанға келуден бас тартқан

Фото: prosports.kz

«Astana Motorsport» автошабандоздар командасының бұрынғы капитаны Артур Ардавичус отандық автоспортты дамытуға бөлінген 800 млн теңгені жымқырған. Бұл туралы бүгін брифингте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2-ші департаментінің жетекшісі Сергей Перов айтты. Оның мәліметінше, 2016-2017 жылдары бөлінген ақшаны Ардавичуз оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге өтінімдерді жоғарылату жолымен алған.

«Бұл қаржыны ол қазақстандық және шетелдік компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өзіне алған. Ардавичус түсініктеме беру үшін бірнеше рет шақырылды, алайда шетелде жүргендіктен келуден бас тартты. Осы жайттарды және Ардавичустың қылмыс жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдерді ескере отырып, оған қатысты сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.  Халықаралық іздеу жариялау туралы материалдар сотқа жіберілді», -  деді бұл туралы С.Перов.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Артур Ардавичус «Дакар-2012» ралли-марафонында жүк көлігімен жарысқа түсіп, қола жүлдегер атанған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан