Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты

Бұл оқиғаны Жамбыл облысының Полиция департаменті ресми түрде растады

Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Фото: instagram/navaib

Жамбыл облысында есірткі ұсталған ресейлік рэпер NAVAI бір апта өтпей жатып босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиғаны Жамбыл облысының Полиция департаменті ресми түрде растады.

«Келіп түскен сауалдарға байланысты ресейлік рэп орындаушысына қатысты қылмыстық іс оның алғаш рет қылмыс жасағанын және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес шынайы өкінгенін ескере отырып, ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлаймыз», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Полицияның мәліметінше, процедуралық шешімді қадағалау органы бекітті. Рэпер Қазақстаннан қуылды.

Айта кетейік, осыған дейін ресейлік әнші Жамбыл облысындағы изоляторға қамалып, екі ай бойы тергелетіні хабарланған. Осыдан кейін оның ісіне байланысты Ресей Қазақстанға нота жіберді.