$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2021, 13:50
Жаңалықтар

Елордада қоғамдық көлік жолағымен жүргендерге айыппұл салынады

Жолдарға тиісті жол белгілері орнатылған

Елордада қоғамдық көлік жолағымен жүргендерге айыппұл салынады
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 26 мамырдан бастап «Сергек» АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойынша айналма жол айрығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейін бір бағыттта учаскеде бөлінген қоғамдық көлік жолағы бойынша жол жүру бұзушылықтарын тіркеуді жаңартатынын хабарлайды. 

Көрсетілген бағытта тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ осы жолақтың бар екендігі туралы хабардар ететін жол таңбасы салынған, бүгінгі күні олардың талаптарын сақтау міндетті болып табылады. 

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуды және жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа ала отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз», – делінген хабарламада. 

Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whats аpp 8-708-382-13-76 телефондары бойынша Нұр-Сұлтан қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары