ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Astana LRT ісі: айыпталушылардың ешқайсы кінәсін мойындаған жоқ

Сот отырысындағы жарыссөз аяқталды

Фото: sputniknews.kz

Сот айыпталушыларға соңғы сөзін айтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды 24.kz.

Түске дейінгі онлайн отырыста Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы Жанат Нұрпейісов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, «Astana Innovations» АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, «Нұр-Трейд» серіктестігінің бұрынғы директоры Улугбек Ачилов және мердігер компанияның басшысы Тимур Қасабаев сөз алды. Ешқайсысы тағылған айыптар бойынша кінәсын мойындамады.

Естеріңізге салсақ, қазір сот алдында жеті адам жауап беріп жатыр. Оларға жеңіл рельсті көлік желісін жобалау кезінде 5,8 миллиард теңгені жымқыруға септесті немесе сеніп тапсырылған қаржыны бейберекет жұмсады деген айып тағылып отыр. Бұған дейін прокурор кей айыпталушыны 7, ал өзгелерін 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған.

Тегтер: