$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2021, 13:17
Жаңалықтар

COVID-19: Нұр-Сұлтанда 152 мыңнан астам адам вакцина қабылдады

Қала тұрғындары Sinofarm Hayat-Vak және «Спутник-V» вакцинасын қабылдай алады

COVID-19: Нұр-Сұлтанда 152 мыңнан астам адам вакцина қабылдады
Фото: ашық дереккөзден

Елордада 24 мамыр күнгі ақпарат бойынша 152 мыңнан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компонентін алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары мен қонақтары қытайлық Sinofarm Hayat-Vak және ресейлік «Спутник-V» вакцинасын қабылдай алады.

Басқарма қоймаларында жоғарыда аталған вакциналардың дозалары жеткілікті екені хабарланды.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, қаланың СОО-ларында және сауда кешендерінде егу аймақтары ашылғаннан бері 22,7 мыңнан астам адам вакцина алған.

Естеріңізге сала кетейік, халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» СОО-ларында, сондай-ақ «Сарыарқа», «Астаналық», «Әлем» сауда үйлерінде ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Серіктес жаңалықтары