$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2021, 12:32
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Ұлттық құрама Еуро-2021 қарсаңында Солтүстік Македония және Мальтаға қарсы жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды
фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында Солтүстік Македония және Мальтаға қарсы өтетін жолдастық кездесуге шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров (екеуі де – «Қызыл-Жар»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»);

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Тұран»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей).

ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМ:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Тимур Рудосельский («Қайсар»), Карам Сұлтанов, Михаил Габышев (екеуі де – «Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Максим Федин («Ақтөбе»), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей);

Шабуылшы: Абат Айымбетов («Астана»).

Серіктес жаңалықтары