24.05.2021, 14:41
Жаңалықтар
Гран-при: Сәдуақасова Әбдімәліктен жеңіліп қалды
Гран-Приге жалпы саны 12 шахматшы қатысып жатыр
фото: FIDE
Гибралтарда шахматшы әйелдер арасында Гран-придің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл жарысқа Қазақстан атынан танымал екі шахматшы қатысуда: Жансая Әбдімәлік және Динара Сәдуақасова.
Жарыстың ІІ туры өтті, әзірге Жансая Әбдімәлік екі кездесуде де қарсыласынан басым түсіп, турнирде үздіктердің қатарында келе жатыр. Ол алдымен өзінің отандасы Динара Сәдуақасованы жеңсе, екінші кездесуде неміс шахматшысы Элизабет Петцтен басым түсті.
Ал, Динара Сәдуақасова әзірге бірде бір кездесуде жеңіске жеткен жоқ. Ол алдымен Жансая Әбдімәліктен, одан кейін украин шахматшысы Мария Музычуктен жеңілді.
Гран-Приге жалпы саны 12 шахматшы қатысып жатыр. Турнир 2 маусымға дейін жалғасады.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды