КВИ таралуы бойынша тағы бір облыс «қызыл» аймақтан шықты
Өткен тәулікте елімізде 2167 адамнан коронавирус анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 23 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Маңғыстау облысы «қызыл»аймақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: «Қызыл» аймақта: : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2167 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 373 182 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 25 адам көз жұмды.