$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2021, 10:51
Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 25 қазақстандық көз жұмды

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 701 адам ауыр жағдайда жатыр

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 25 қазақстандық көз жұмды
Фото: Алматы инфекциялық ауруханасы

Денсаулық сақтау министрлігі 22 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 22 адам қайтыс болды.

22 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 211 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 548 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 822 пациент стационарда ем алып жатса, 22 389 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:  

• 701 адамның жағдайы ауыр,
• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 21 мамырдағы мәлімет бойынша 102 жаңа жағдай тіркелді, 86 адам жазылып шыққан, 3 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 54 605;  

барлығы 50 722 адам сауығып шықты.

 

Серіктес жаңалықтары