КВИ таралуы бойынша 7 өңір «қызыл» аймақта тұр – ДСМ
Өткен тәулікте республика бойынша 2267 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 22 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Ақтөбе облыстары «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2267 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 371 015 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 25 адам көз жұмды.