$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2021, 16:55
Жаңалықтар

«Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

Сот отырысы 12 мамырда Павлодар қалалық №2 сотында өткен көрінеді

«Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды
көрнекі фото: kazfootball.kz

Әлеуметтік желіде павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры Серік Омархановтың бір жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы сот үкімінің көшірмесі жарияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Сот отырысы 12 мамырда Павлодар қалалық №2 сотында өткен көрінеді.

Құжаттарға қарағанда ҚР Қылмыстық кодекісінің «Ertis» ФК бұрынғы директоры Серік Омарханов мемлекеттік кіріс органдарына қате мәліметтері бар салық декларациясын тапсырып, сол арқылы мемлекетке шығын келтірген. Шығын мөлшері - 193 939 013 теңге.

«Сот Қылмыстық кодекстің 118, 383, 387-393, 395-398, 401, 402 баптарына сүйене Серік Қорғанбайұлы Омархановты ҚР Қылмыстық кодекісінің 245-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, үш жыл бойы қаржылық және коммерциялық құрылымда лауазымдарды иелену құқығын айыра минималды қауіпсіздігі бар қылмыстық атқару жүйесіде 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы үкім шығарды, - делінген құжатта.

Естеріңізде болса, футболдан Қазақстанның бес дүркін чемпионы (1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және Кубок иегері (1997/98) павлодарлық «Ертіс» командасы қаржылық қиындыққа байланысты былтырғы маусымды орта жолдан аяқтауға мәжбүр болды.

Серіктес жаңалықтары