ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды

Мемлекет басшысының өкімімен соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетіледі

Фото: almatylife.kz

Қазақстанда Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі», - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.