ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Жыл басынан бері карантин талаптарын айрықша көп бұзған өңірлер аталды

Фото: astana.gov.kz

Санитариялық-эпидемиологилық бақылау комитеті жыл басынан бері карантин талаптарын айрықша көп бұзған өңірлерді атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына қатысты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы, 2021 жылғы 1 қаңтары мен 5 мамыры аралығында мониторингтік топтар 76 995 рейд жүргізіп, 481 280 нысанды тексеріп шыққан.

Тексеру нәтижесінде, 14 198 (2,9%) заңбұзушылық анықталды.

«Карантин талаптарын бұзу деректерінің басым көпшілігі мына өңірлерде: Шығыс Қазақстан облысы (3 538), Түркістан (2 198) облысы , Алматы қаласы (1 996), Шымкент қаласы (1 596) және Алматы облысында (955) тіркелген», - делінген комитет хабарламасында.

Мониторинг барысында анықталатын негізгі заңбұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу және т.б.

«Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу деректерін анықтау бойынша мониторингтік бақылау топтары мынадай шаралар қабылдады: 2 502 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 2 292 нұсқама берілді, 268 материал сотқа жолданды, 70 объектінің қызметі тоқтатылды. Нәтижесінде 8 147 кәсіпкерлік нысан мен 6 371 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,114 млрд теңгеден астам айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, азаматтардың басым көпшілігі қоғамдық орындарда бетперделік режимді бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.