$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.05.2021, 11:38
Жаңалықтар

КВИ таралуы бойынша 7 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр

Өткен тәулікте елімізде 2496 адамнан коронавирус анықталды

КВИ таралуы бойынша 7 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр
Фото: Tengrinews.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 8 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің жеті өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр;  

«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр;  

«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2496 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 327 995 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирустан бір тәулікте тағы 31 адам көз жұмды.   

 

Серіктес жаңалықтары