КВИ таралуы бойынша Шымкент қайтадан «қызыл» аймаққа өтті
Сондай-ақ Жамбыл облысы «қызыл» аймақтан бірден «жасыл» аймаққа өтті
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 7 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Жамбыл облысы «жасыл» аймаққа, Шымкент қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2840 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 337 652 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 31 адам көз жұмды.