$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2021, 15:18
Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болды

Мерей Ақшалов - үйленген, төрт баланың әкесі

Бокстан әлем чемпионы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болды

Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы әкімінің 4 мамырдағы өкімімен аудан әкімінің орынбасары болып Мерей Төлегенұлы Ақшалов тағайындалды.

Мерей Ақшалов 1988 жылы туған, білімі жоғары. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Еуразия гуманитарлық институтын және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Қаржы», «Құқықтану» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Азия және әлем чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері.

Еңбек жолын 2007 жылы «ТШНК и СР» РМҚК бокстан нұсқаушы-спортшы болып бастады.

2009-2012 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының жекпе-жек клубтарының спортшысы болды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін елорданың мемлекеттік және мемлекеттік емес дене шынықтыру және спорт ұйымдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Соңғы тағайындауға дейін Мерей Ақшалов Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Үйленген, төрт баланың әкесі.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев та бокстан спорт шебері. 

Серіктес жаңалықтары