$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 11:13
Жаңалықтар

Билл Гейтс 27 жыл отасқан әйелімен ажырасатынын айтты

Олардың 3 баласы бар

Билл Гейтс 27 жыл отасқан әйелімен ажырасатынын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда ажырасу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Біз қарым-қатынасымыз туралы ұзақ ойланып, некемізді бұзу туралы шешім қабылдадық», - деп жазды Билл Гейтс Twitter-де жариялаған мәлімдемесінде.

Гейтс әйелімен некеде болған 27 жыл ішінде керемет үш бала өсіргенін және бүкіл әлем бойынша жұмыс істейтін қайырымдылық қорын құрғанын айтты.

«Біз қорда бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз, бірақ ерлі-зайыптылар ретінде әрі қарай бірге «өсеміз» деп ойламаймыз», - деп атап өтті олар.

Ажырасудың қаржылық жағы жасырын қалды.  

Билл Гейтс – әлемдегі ең бай бес кәсіпкердің бірі, оның отбасының байлығы 130 миллиард долларға бағаланады.

Серіктес жаңалықтары