$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 11:49
Жаңалықтар

COVID-19: Нұр-Сұлтанда 115 мыңнан астам адам вакцина алды

Оның ішінде қазақстандық вакцинаны 1 600-ге жуық адам алды

COVID-19: Нұр-Сұлтанда 115 мыңнан астам адам вакцина алды

Елордада ресейлік «Спутникпен» және отандық «QazVac» вакцинасымен халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда COVID-19 вакцинасын 115 мыңнан астам адам алғанын мәлім етті. Оның ішінде қазақстандық вакцинаны 1 600-ге жуық адам алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұрт екпе алу үшін медициналық ұйымдарға да, егу пункттері ашылған қаланың СОО-ларына да кезекке тұрады. Жақында Байқоңыр ауданындағы тағы екі ірі сауда үйі — «Биг Шанхай» СО мен Орталық базарда егу орындары ұйымдастырылды. Өткен тәуліктің өзінде 1 700-ге жуық адам вакцинацияланды.

«Мамыр айының алғашқы мерекесінде тұрғындарды вакциналау қаланың сауда кешендері жанындағы пункттерде көбірек жүргізілгені байқалады. Өткен демалыс күндері егу пункттерінің саны артты. Енді «Биг Шанхай» СО мен Орталық базарда ашылды. Олар таңғы сағат 10-нан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді», — деп мәлімдеді басқармада.

Басқарма қоймаларындағы вакцина дозасының саны туралы да хабарланды. Мәселен, 4 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның 20 мыңға жуық дозасы бар. Өткен демалыс күндері «Спутник-V» бірінші компонентінің тағы 5 мың дозасы жеткізілді.

Ведомствода атап өткендей, егу пункттері ашылған 7 сауда орталығының мәліметтеріне сәйкес, барлығы 9 600-ден астам адам вакцинацияланды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бас-аяғы 115 мыңнан астам адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» СОО-ларында және «Биг Шанхай» сауда кешені мен Орталық базарда ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін қысқартылды, ал СОО үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады — сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Серіктес жаңалықтары