$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 10:04
Жаңалықтар

Ресейде 40 күндік аштық жариялаған блогер қайтыс болды

Ол эксперимент жасамақ болған

Ресейде 40 күндік аштық жариялаған блогер қайтыс болды

Мәскеулік блогер Виталий Выграновский ас пен судан 40 күнге бас тартамын деп қайтыс болды. Ол аталған экспериментті биыл наурыз айында бастаған болатын.

Аштықтың оныншы күні блогер қалада өзін нашар сезініп, Мәскеуден Абхазияға кетіп қалған. Ал, жиырмасыншы күні Выграновский ағзасының толық тазарғанын, алайда әлсіздіктен қимылдауы қиындап қалғанын айтты. 35-күні ол өлімге жақындағанын, бірақ экспериментті үзбейтінін мәлімдеді.

«Жолды өттім бе? Бұл негізі жай ғана ойын. Өте қызық. Ағзадағы паразиттің бәрі кетті, тамақ жеуге мүлдем тәбетім жоқ. Денемдегі әрбір клетка жаңарды», - деді Выграновский.

Блогердің таныстары оның аштықты аяқтаған сәтте қайтыс болғанын жазуда. Ал, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары