ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кездесті

Ғалымдармен және сарапшылармен Алматы қаласында өтті

көрнекі сурет

Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кездесті.

Алматы қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен, ғалымдармен және сарапшылармен кездесу өткізді. 

Кездесу кезінде комиссияның жұмыс барысы мен өзекті мәселелері, оның ішінде архивтерде, әсіресе шетелдік мұрағаттардағы зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейлі зерделеу қарастырылды. Өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту, оларға тиісті әдістемелік көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев өздерінің өтініштері бойынша бір топ мәдениет және ғылым қайраткерлерін қабылдады.

Еске сала кетейік, 8 сәуірде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті. Онда мемлекеттік комиссия мен оның өңірлік филиалдарының биылғы атқарған қызметі талқыланды.