$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 09:56
Жаңалықтар

Үндістаннан келген қазақстандықтар 14 күндік карантинге жабылады

Бұл шешім ПТР-тесті және коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтарға да қатысты   

Үндістаннан келген қазақстандықтар 14 күндік карантинге жабылады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанға коронавирустың «үнді» штамының келуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Үндістанда күн сайын 400 мыңға дейін коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, «үнді» штамының таралуының алдын алу бойынша шаралар қабылданды. Соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барған, одан кейін Қазақстанға оралған, оның ішінде үшінші елдер арқылы келген азаматтар да ПТР және вакцинация әдісімен COVID-19 анықтамасының бар - жоғына қарамастан, 14 күнге үйде оқшаулануға жатады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет отырысында. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан еді, Алексей Цой өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 2%-ға төмендегенін мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары