Қырғызстан президенті қазақстандық кәсіпкерді кеңесшісі етіп тағайындады
Алмаз Ибрагимов - Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының тумасы
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық кәсіпкер Алмаз Ибрагимовты кеңесшісі етіп тағайындады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз хатшысы хабарлайды.
Алмаз Ибрагимов - Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының тумасы, көп жылдар бойы Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарында топ-менеджер болды.
Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Алмаз Ибрагимов «Құрмет» және «Отан» ордендерімен марапатталды, ол сонымен қатар I және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің және «Еңбек даңқы» иегері. Қазақстан минералды ресурстар академиясының құрметті академигі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағына ие.
Ашық дереккөздерде Алмаз Ибрагимовтың әр жылдары Қаскелеңдегі Полимер зауытының директоры, Павлодар алюминий зауытының бас директоры, «Қазақстан алюминий» АҚ президенті және Қазақстан электролиз зауытының президенті болғаны жазылған.