$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 09:31
Жаңалықтар

Алексей Цой «қызыл аймақтағы» өңірлер туралы айтты

Қазақстанның 9 өңірі КВИ таралуы бойынша қауіпті аймаққа өтті 

Алексей Цой «қызыл аймақтағы» өңірлер туралы айтты
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Министр берген ақпарат бойынша, «жоғары эпидемиологиялық тәуекел аймағында» қазір 9 өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстары бар. Өткен аптада бұл тізімге Павлодар және Жамбыл облыстары енді.

«Орта эпидемиологиялық тәуекел аймағында» 5 өңір бар. Олар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстары.

Қалған үш өңір - Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары әзірге «жасыл» аймақта.

«Соңғы үш аптада сырқаттану динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 2% - ға төмендеді. Өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет отырысында.

Серіктес жаңалықтары