ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен бір тәулікте 4219 жолаушы келді

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген

 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 1 мамырда халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 1 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Швейцария, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы,Грузия, Украина, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 219 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 633 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 975 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 235 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.