Жүргізуші куәлігінен айырылған: «ҚазАвтоЖолдың» жаңа басшысы 6 жыл бұрынғы оқиғаны түсіндірді
22 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып Асқар Маратұлы тағайындалды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жаңа басшысы Асқар Мұратұлы алты жыл бұрынғы жүргізуші куәлігінен айырылу жағдайына қатысты пікір білдірді. Сол кезде ол Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған.
Сот 2015 жылдың 8 ақпаны сағат 21.30-да Асқар Мұратұлының серия С508BV мемлекеттік тіркеуші нөмірі бар Toyota Land Cruiser 200 автокөлімен Зеренді ауылында қасақана жүргенін анықтаған. Наурыз айында (2015 жылы) сот оны бір жылға жүргізуші куәлігінен айырған.
Алайда, «ҚазАвтоЖолдың» жаңа басшысы tengrinews.kz тілшілеріне берген жауабында, кейін кінәсі дәлелденбегендіктен сотта ақталып шықанын айтқан.
«Бірінші сатыдағы сот шешімі бойынша мен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылдым. Бірақ соңында оны қайтарды және сот арқылы айыппұл алынып тасталды. Себебі құқықбұзушылық дәлелденген жоқ. Қазір бұл оқиғаға қатысты БАҚ өкілдері мені көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған деп жазып жүр. Алайда бұл объективті емес және болған жағдайды толық ашып жазбайды», - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. 16 сәуірде жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды.