$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2021, 15:16
Жаңалықтар

Елорданың шеткері аумақтары толыққанды шағын аудандарға айналуы тиіс – Алтай Көлгінов

Қаланың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады

Елорданың шеткері аумақтары толыққанды шағын аудандарға айналуы тиіс – Алтай Көлгінов
фото: instagram.com/altay_kulginov_official/

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаланың тұрғын үй алаптарының қалай дамып жатқаны туралы айтты.

«Елорданың абаттандырылған аудандары мен шеткері аймақтардың арасындағы айырмашылықты жою үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ауқымды жұмыс орындау қажет: қарапайым электр, су, кәріз жүйелерінен бастап, жеке секторға газ жүргізу, әлеуметтік нысандар, жолдар салуға, абаттандыруға және гүлзарлар ашуға дейін. Осы жұмыстардың өзіне бірнеше жыл қажет. Біртіндеп шеткері аймақтар ыңғайлы шағын аудандарға айналмақ. Қалада барлығы 16 елді мекен бар. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады», - деп жазды әкім.

Қала басшысы бірқатар елді мекенге барып, тұрғындармен кездестім. Мысалы, Железнодорожный елді мекенінің тұрғындары жолдарды асфальттау, көшені жарықтандыру, қосымша автобус маршруттарын іске қосу, кәрізге байланысты мәселелерді көтерді. Кездесуде тұрғындарға болашақ қоғамдық кеңістіктің эскизі көрсетілді.

«Егер жол жұмыстарына тоқталатын болсақ, биыл 100-ден астам көше салып, жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биыл 37 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігіне, елді мекендерге, қозғалыс қарқындылығы жоғары әлеуметтік нысандар мен көшелерге апаратын жолдарға баса назар аударамыз. Былтыр елді мекендерде 100-ден астам, ал жалпы қала бойынша 170-тен астам көшеге асфальт төседік», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ елді мекендерде 345 км орамішілік газ тарату желілері салынды. Жылыту маусымында (2020-2021 жж.) Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алды. Жаңа жылыту маусымында газға қосылу мүмкіндігін Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары алады.

Одан бөлек, елді мекендерде 13,5 км инженерлік желілер, 5 шақырымнан астам кәріз бен су құбыры, 3 шақырымнан астам нөсер кәрізі салынды.

«Алдағы жылдары Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес тағы 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 85 км нөсер кәрізін, қосалқы станса мен 177 км электрмен жабдықтау желілерін, 23 км жылумен жабдықтау желілерін, 3 кешен нөсер кәріздерін тазарту құрылыстарын саламыз», - деді Алтай Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары