$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2021, 11:02
Үкімет

Тоқаевтың сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

Ұлан Әліпов ұлттық компания басшылығында 2 жылдан астам уақыт болды

Тоқаевтың сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды
Ұлан Әліпов, фото: «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды», - деп жазды ол. 

Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол Ұлттық компания басшысы болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалды.

Ұлан Әліпов 2013-2014 жылдары «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Еске сала кетейік, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың сапасына байланысты мәселе көтерді.

Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы 2013 жылдың 1 ақпанында еншілес мемлекеттік «Қазақавтожол-Көкшетау» мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық құқықта басқарудағы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорынын қайта құру жолымен Үкімет қаулысына сәйкес құрылды. 2013 жылдың 30 шілдесіндегі Үкімет қаулысына сәйкес АҚ автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор болып анықталып, ұлттық компания деген дәрежеге ие болды.

Серіктес жаңалықтары