$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2021, 17:46
Үкімет

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап отыр

Пандемия кезінде жұмыссыздық мәселесі күрделенді ме?

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап отыр
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Соңғы үш жылда жалдамалы жұмысшылар саны 75 мың адамға артып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны кеірісінше 37 мыңға қысқарған. Ал елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлемдеді.

Вице-министр коронадағдарысқа қарамастан, Қазақстанда еңбек нарығының негізгі индикаторлары тұрақты екенін хабарлады.

«Біріншіден, уақытша жұмыспен қамтылмаған халық саны 4,1 есе өсті. Қатаң карантиндік шаралар кезеңінде уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны 2020 жылдың басындағы 129 мыңнан 2020 жылдың екінші тоқсанындағы 536 мың адамға дейін өсті. Ал ішінара жұмыспен қамтылғандардың саны 388 мыңнан 491 мың адамға дейін өсті. Осылайша, 4-ші тоқсанның қорытындысы бойынша уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны 147 мың адамға дейін қысқарды. Электрондық еңбек биржасындағы (бұдан әрі – ЭЕБ) резюмелер мен бос жұмыс орындарының саны осы жылдың наурыз айында 2020 жылдың сәуірімен салыстырғанда 2 есеге артты», - деді вице-министр.

Ержан Біржанов Үкіметі бизнес пен халықты қолдау бойынша бірқатар шаралар кешенін қабылдағанын, сондай-ақ олардың арасында азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосымша 50 млрд теңге бөлінді, ал жалпы шығындар 176,1 млрд теңгені құрады. Біз жастар практикасы бойынша жұмыс орындарын және қоғамдық жұмыстарды (36,55 млрд теңгеге) субсидиялауды (5,55 млрд теңгеге) және бизнесті дамыту үшін гранттарға арналған шығыстарды (7,9 млрд теңгеге) ұлғайттық», – деді Ержан Біржанов.

Сондай Мемлекет басшысының пандемия салдарымен күресу мақсатында берген тапсырмасы бойынша да өткен жылдың қорытындысы жарияланды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» дағдарысқа қарсы арнайы әлеуметтік бағдарламасы асяында 6,7 мың нысанның құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. 239 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың жартысынан астамы жұмыс іздеп жүрген адамдар және халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар болып табылады. Отандық өндірушілерден 389 млрд теңгенің материалдары сатып алынды», – деді Ержан Біржанов.

Ал 2021 жылы 1,2 млн адамды, оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде – 700 мың азаматты, жұмыспен қамтудың дағдарысқа қарсы жол картасы бойынша – 32 мың адамды, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде – 440 мың қазақстандықты қамту жоспарланып отыр екен.

«Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аударылып отыр. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар 32 мың жұмыс орнын, оның ішінде 12,1 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 378 инфрақұрылымдық жобаны іріктеп алды. Жұмыспен қамту жол картасы 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит беру бойынша жаңа бағытпен толықтырылды. ЖҚЖК аясында микрокредит алушылар қосымша 11 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр», - деді Ержан Біржанов.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары