$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бадықова екеуміз әлеуметтік желіні шулатып жатырмыз – Тұрсынбек Қабатов

Продюсер Мөлдір Мұқанова күйеуімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын

Бадықова екеуміз әлеуметтік желіні шулатып жатырмыз – Тұрсынбек Қабатов
Фото: Тұрсынбек Қабатовтың ресми парақшасынан алынды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов концерттерінің бірінде өзінің жеке өміріне қатысты әзіл айтып, жұртты күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Instagram деген нәрсе бар ғой. Сол Instagram-ды қазір актриса Дариға Бадықова шулатып жатыр. Оның алдында – мен», – деді Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Мұқанова күйеуімен ресми түрде ажырасқанын растады. Қабатовтың экс-жұбайы қазір екінші фильмінің дайындық жұмысына кіріскен. Кеше оның дебюттік фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Продюсердің айтуынша, бірінші фильм тәжірибе жинау тұрғысынан маңызды кезең болған, ал қазір ол әлдеқайда күрделі тақырыпқа, яғни ажырасуларға көңіл бөлгісі келеді.

«Залға кіруге қатты қорықтым. Елдің эмоциясын өз көзіммен көруге шынымен қорықтым. Тығылып отырдым. Бірінші фильм болғандықтан, кемшіліктер болуы мүмкін. Тәжірибе жинадық. Енді келесі киноға идея көп», - дейді Мұқанова.

 

Серіктес жаңалықтары