$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман түседі, бұрқасын соғады: 20 қарашада он бес өңірде дабылды ескерту жарияланды

Жел күшейеді деп болжанып отыр

Тұман түседі, бұрқасын соғады: 20 қарашада он бес өңірде дабылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

20 қарашада еліміздің 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Батыста, солтүстікте және шығыста оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда тұман түсіп, оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында батыста түнде жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болып, төмен бұрқасын соғады. Күндіз де жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Түнде батыста және солтүстікте, күндіз оңтүстікте оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.  

Қостанай облысында түнде батыста және солтүстікте жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын соығп, көктайғақ болады. Күндіз де жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысында оңтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Батыста және оңтүстікте күндіз оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Абай облысында солтүстікте және орталықта шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында оңтүстікте және таулы аудандарда тұман түседі. Түнде таулы жерлерде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.  

Жетісу облысында Алакөл көлдерінің маңында оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысында солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстікте оңтүстік және оңтүстік-батыстан 15–18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Түнде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.  

Серіктес жаңалықтары