$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутаттар Қазақстанда декретке шыққан әкелерге қатысты маңызды ұсыныс енгізді

Теңсіздік заңмен жойылады

Депутаттар Қазақстанда декретке шыққан әкелерге қатысты маңызды ұсыныс енгізді
Фото: istockphoto.com

Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Асхат Аймағамбетов еңбек қауіпсіздігі жайлы заң жобасына енген өзгерістерді айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Заң жобасында бұдан да басқа маңызды әлеуметтік нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, біз бұл заң арқылы әкелердің де құқығын қорғап отырмыз. Қазір қолданыстағы жүйеде, егер жұмыссыз ана үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырса, бұл кезең оның еңбек өтіліне (стажына) есептеледі. Алайда, дәл осы құқық әкелерге берілмеген. Біз бұл теңсіздікті жоюды ұсынамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, енді заң қабылданса, егер бала күтіміне әке шықса, бұл кезең оның да еңбек өтіліне қосылады.

«Бұл – тек әлеуметтік әділеттілік емес, сонымен қатар қоғамдағы отбасылық рөлдер мен ата-аналық жауапкершіліктің теңдігін қалыптастыруға бағытталған қадам. Қорытындылай келе, біз ұсынып отырған әрбір норма – тек заңдық түзету емес. Бұл – әділдікке деген үлкен қадам», - деді ол.

Мәжілісте қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері заңының жобасы талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары