$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алғабас ауылындағы трагедия: ТЖМ өрттің ықтимал себебін атады

12 адамның өмірін қиған өрттен кейін тергеу жүргізіліп жатыр

Алғабас ауылындағы трагедия: ТЖМ өрттің ықтимал себебін атады
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында 12 адамның өмірін қиған өрттен кейін тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрттің нақты себебі қазіргі уақытта анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына ақауы бар электрлік ұзартқыш себеп болуы мүмкін. Барлық қызметтің мамандары жұмысын жалғастырып жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға кеше сағат 05.36-да болған. Екі қабатты жер үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара құлаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Өрт сағат 07.22-де жойылды. Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы балалар. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр. 

Серіктес жаңалықтары