$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында атпен кеткен жасөспірімдер із-түзсіз жоғалды (ВИДЕО)

Олар дронның көмегімен таудан аман-есен табылды

Жетісу облысының Ескелді ауданында ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының жоғалғаны туралы хабарлады. Жасөспірімдер ешкімге ескертпестен үйден шығып, атпен таулы аумаққа қарай кетіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігі ведомстволық сайтының мәліметінше хабар түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастады. Іздестіруге кезекші нарядтар, учаскелік инспекторлар, кинологтар, волонтерлер және жергілікті жерді жақсы білетін тұрғындар жұмылдырылды.

«Іздестіру аумағына ауыл маңындағы қиын тау бөктерлері де толықтай қамтылды. Полиция дроны қиын жететін аймақтарды әуеден шолып, жасөспірімдердің қозғалыс бағытын анықтап, іздеу топтарын сол жерге бағыттауға мүмкіндік берді. Заманауи технологиялардың көмегімен балалардың орналасқан жері жылдам табылды», - деп жазылған хабарламада.

Шамамен екі тәулікке созылған үздіксіз іздестіру жұмыстары нәтижесінде балалар аман-есен табылып, дереу үйлеріне жеткізілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицияға 408 адамның жоғалғаны туралы хабар түскен. Олардың барлығы табылып, үйлеріне қайтарылған. Полиция азаматтарды сақ болуға шақырды: мұндай жағдайда дереу полицияға хабарласу керек, өйткені әр минут маңызды.

 

 

Серіктес жаңалықтары