28.04.2021, 14:32
Жаңалықтар
Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы жұбайымен бірге жол апатынан қайтыс болды
Марқұм пандемия кезінде Түркиядағы қазақстандық студенттерге көмектескен
Невшехир провинциясында 2009 жылдан бері Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы болған Халил Улуер жұбайы Фатмамен бірге жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы хабарлады.
«Халил Улуер қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосып еді. Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар азамат еді», – деп жазды дипломат.
Абзал Сапарбекұлы марқұмның пандемия кезінде Түркиядағы қазақстандық студенттерге көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын берген қамқоршылардың алдыңғы шебінде жүрген азамат болған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
