$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 12:38
Жаңалықтар

Қазақстанда жастар саясаты туралы тұжырымдама 20 жыл бұрын жазылған

Нұр-Сұлтанда өткен жастар форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайтуынша, еліміздегі жастар саясаты туралы соңғы тұжырымдама осыдан 20 жыл бұрын қабылданғаy

Қазақстанда жастар саясаты туралы тұжырымдама 20 жыл бұрын жазылған

Сондықтан, президент Үкіметке 2021 жылға дейін жастарды қолдаудың кешенді іс-шаралары туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

«Алдағы кезеңде мемлекеттік органдар жастарға қолдау көрсету үшін бірқатар міндеттерге баса назар аударуы қажет. Ең алдымен, жастар саясаты туралы  жаңа кешенді бағдарлама керек деп санаймын. Онда қазіргі жаһандық үрдістер мен жастардың сұраныстары жан-жақты ескерілуі тиіс. Жастар саясаты жөніндегі жалпы тұжырымдама 20 жыл  бұрын әзірленген», - дейді Тоқаев.

Президент жастар саясаты саласында қазір түрлі бағыттағы бағдарламалардың көп екендігінен хабардармын дейді. Дегенмен,  жастар саясатына кешенді көзқарас керек.

«Жаңа бағдарлама арқылы жастарға сапалы білім беру, жұмысқа тұру, қолжетімді баспанамен  қамтамаыз ету тетіктерін ұсынуы керек. Жастардың кәсіби біліктілігін  арттыруға жағдай жасалуы қажет. Құжатта жас буынға  арналған тиімді  әрі ашық әлеуметтік мүмкіндіктер көрсетілуі керек. Барлық елді мекендердегі  спорт және мәдениет нысандары жастарға қолжетімді болуы тиі. Үкімет келесі жылы осы бағдарламаны дайындап, оның негізінде 2021 жылы заң жобасын әзірлеуі қажет», - деп тапсырма берді Тоқаев.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары