ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тоқаев барлық студенттің шәкіртақысын 25 пайызға өсірді

Колледж студенттерінің шәкіртақысы да өседі 

2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстанда университет және колледж студенттерінің шәкіратықысы 25 пайызға артады. Бұл туралы бүгін жастар жылының жабылуына орай өтіп жатқан форумда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Мен маңызды мәселенің бірі жоғары оқу орындарының студенттері үшін шәкіртақыны көбейту керектігін білемін. Бұл мәселе назарсыз қалып, Қазақстанда шәкіртақы 2016 жылдан бері өспеген. Бірақ, бұған обьективті себептер болды. Сондықтан, студенттерді қолдау үшін мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап университеттегі бакалавриат, магистратура мен доктарантура студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға көбейту туралы шешім қабылдадым», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тек университет студенттері ғана емес, колледж студенттері үшін де 2020 жылдан бастап шәкіртақы 25 пайызға өседі. Президенттің пайымынша, бұл кәсіби білімнің дамуына серпін береді.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан