Қазақстанда ресейлік әскери зымыран сынақтан өтті

Сынақ Қарағанды облысының Сары-Шаған полигонында жүргізілген

Қазақстанда ресейлік әскери зымыран сынақтан өтті

Ресейлік әскерилер қазақ жерінде әуе шабуылына қарсы зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы көрші елдің Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.  

Әскери сынақ Қарағанды облысының Сары-Шаған полигонында жүргізілген. Осылайша ресейлік әуе-ғарыш күшінің мамандары  әуедегі қорғаныс жүйесінің жаңа зымыраны сынақтан сәтті өткенін хабарлады.

«Әуе-ғарыш күштерінің зымыранға қарсы қорғаныс бөлімінің командирі генерал-майор Сергей Грабчук іс-шара барысында жаңа зымыранның бірқатар сынақтардан сәтті өтіп, өзіне тән сипаттамаларды сенімді түрде растап, ал әскери есептеулер дәлдікпен орындалғанын айтты», - деп жазылған хабарламада. 

Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі әуе-ғарыштық күштерден тұрады және әуе-ғарыштық шабуыл құралдарының соққыларынан қорғауға арналған.

Еске салайық, Сары-Шаған сынақ полигоны 1995 жылдан бері Ресей Федерациясына пайдалануға жалға берілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.