$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2021, 01:53
Жаңалықтар

Елордада саябақтар салу қалай жоспарланады – әкімдік

Есіл өзенінің бойымен ұзындығы 16 шақырымға жуық жаяу жүргіншілер аймағы мен веложол салу көзделіп отыр

 
Елордада саябақтар салу қалай жоспарланады – әкімдік

Қаланың цифрлық бас жоспары сияқты цифрлық жобаларды іске асыру қала құрылысы процестерін, белгілі бір аудандарды ауруханалармен, мектептермен, балабақшалармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы деректерді болжауға және модельдеуге, қолданыстағы және жобаланған жол желілерінің жай-күйін көруге мүмкіндік береді. Цифрландыру қаланы, оның ішінде саябақ аумақтарын салу бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығына қалай ықпал ететіні туралы қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас жоспардың үш өлшемді макетін жасау қаланың және жекелеген объектілердің 3D голограммасын көруге, табиғи, техногендік жағдайларды және қалалық инфрақұрылымның мінез-құлқын модельдеуге (кәріз жарылыстары, авариялар, дауылдар және т.б.), қала құрылысының тығыздығын жобалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаланы цифрландырудың арқасында инвестициялық карта қолжетімді болады – кәсіпкерлер қай ауданда дәріхана, дүкен, нотариус секілді т.б. орындарды ашуға болатынын көре алады.

«Сәулет саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік органмен байланысы алынып тасталды, бұл мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығын көрсетеді. Осылайша, электрондық форматта көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 85,67%-ы берілді», - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Айта кету керек, кез келген қаланы жобалау кезінде көгалдандыру нормалары қолданылады, олар қаланың көлеміне және климаттық жағдайларына байланысты сараланады. Осы талаптарды сақтаған кезде тығыз құрылыс салу және қоғамдық кеңістіктер, саябақ аумақтарын салу үшін жеткілікті кеңістік бөлу мүмкіндігі жоққа шығарылады. Жалпы, қалалық парктер 10 шаршы метр/адам есебінен жоспарланып отыр.

«Нұр-Сұлтанда жеті қалалық саябақты велосипед және жаяу жүргінші жолдарымен біріктіріп, жасыл күретамырға айналдыру жоспарлануда. Сондай-ақ су бетіндегі тақтай жағалауы, скейт-саябақ, көше кинотеатры, жаңа қалалық жағажай, спорт павильондары және т.б. салынады. Жобада Есіл өзенінің бойымен ұзындығы 16 шақырымға жуық жаяу жүргіншілер аймағы мен веложол салу көзделген. Парктердің жалпы ауданы 360 гектарды құрайды. Олардың аумағы, қала сияқты, ауқымды көгалдандырылатын болады», - деді басқарма басшысы.

Елбасы атап өткендей, «Қаланың бас жоспары ғимараттардың, жасыл желектер мен орманның симбиозы ретінде жасалды – бұл жұмысты жалғастыру қажет, үйлер мен ғимараттардың айналасына ағаш отырғызылып, көгалдандырылуы тиіс. Бұл Қазақстандағы климат үшін өте маңызды».

Айта кету керек, елорданы дамыту «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» жоспарына енгізілген.

 
Серіктес жаңалықтары