ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Талдықорғанда жол сапасына қатысты лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Бұл жолы әкімдік қызметкерлері хатқа жауап берумен ғана сытылып кете алмады

 

Талдықорғанда жол сапасына жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды 24.kz.

Оннан астам лауазымды қызметкер жол күтіміне салғырт қарағаны үшін назарға ілінді. Талдықорған қалалық полициясы 70-тен астам көшені тексеріп, жергілікті әкімдікке жолдардың әбден тозғаны туралы ақпарат жолдаған. Тиісті мекемелерден белгіленген мерзім ішінде жауап берілген. Дегенмен, бұл жолы әкімдік қызметкерлері хатқа жауап берумен ғана сытылып кете алмады.

«Нәтижесінде 72 көше, жол аймағы тексеріліп, 70-тен астам анықталған заңбұзушылықты жою бойынша жазбаша өкім жолданды. Жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны үшін 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және де жол учаскелері басшылары да жолдардың нашар жай-күйі үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.