Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтіледі
Жаңа қаулы 26 сәуір күні сағат 00.00-де күшіне енеді
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Сархат Бесенова карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаулыға сәйкес, қалалық қоғамдық көліктің жұмыс кестесі (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде жұмыс істейді, жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.
Мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және тағы басқа діни объектілердің жұмысы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс және демалыс күндері бұқаралық іс-шараларды (ауыз ашар, тарауық, жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым сала отырып ұйымдастырылады. Сондай-ақ оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына рұқсат жоқ.
IV тоқсанында білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыру:
- оқушылар саны 300-ге дейін қалалық мектептер дәстүрлі форматта оқиды. Сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспауы қажет. Ата-аналардың өтініш жазуы міндетті.
- мектеп бітіруші - 9, 11-інші (12) сыныптарды қоспағанда, қалған сыныптар қашықтан оқиды. 9, 11-інші (12) сыныптарда пәндердің 70% -дәстүрлі форматта, 30% - қашықтан оқытылады. Сыныпта 15 адамнан артық болмауы қажет.
Жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан білім алуды жалғастырады.
Білім беру объектілерінде COVID-19 анықталған жағдайда олар карантинге жабылады.
Жабық спорттық объектілердің жұмысы (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, топтық дайындықсыз, тек жеке жаттығулар үшін, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс күні сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін ұйымдастырылады. Сенбі және жексенбі күндері жабық болады.
Фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын орналасқан жеріне қарамастан, бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. қызметі жұмыс күні сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады. Сенбі және жексенбі күндері қызметтеріне тыйым салынады. Топтық сабақ өткізуге болмайды, клиенттер алдын ала жазылу бойынша қабылданады. Бұл ретте, «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін «сары» аймақ өлшемшарттары қойылады, 5 адамнан аспайтын топпен сабақ өткізуге жол беріледі.
Монша жұмысы бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) жұмыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырылады. Сенбі және жексенбі күндері жабық болады.
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын сауналар, СПА-орталықтары, массаж кабинеттері үшін «сары» аймақ өлшемшарттары қойылады.
«Ashyq» пилоттық жобасы аясында компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының жұмысына рұқсат етіледі. Жұмыс кестесі: сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін. Тек 16 жастағы және одан асқан адамдарға кіруге рұқсат етіледі.
«Ashyq» пилоттық жобасы бойынша боулинг-орталықтары да жұмысын жалғастырады. Жұмыс кестесі: сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті қоспағанда, өзіңіздің үстеліңізден шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысаты кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдары жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін ашық болады. Бұл ретте, түрлі акцияларды өткізуге рұқсат жоқ.
Онымен бір мезгілде, орналасқан жеріне қарамастан, ас үйдің дайын тағамдарды жеткізу және шығару жұмысын қоспағанда, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады.
Бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, мерейтойлық іс-шараларға, ұжымдық ауызашар (оның ішінде үйде), форумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, тыңдаулар, көрмелер, акциялар, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматтан басқа) өткізуге рұқсат жоқ.
Мектеп жанындағы лагерьлердің, жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің (үйірмелердің әртүрлі түрлері) қызметіне тыйым салынады (онлайн форматты қоспағанда).
Азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады. COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді;
Жұмыс кестесі азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін рұқсат етіледі, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады.
Қаулы 26 сәуір күні сағат 00.00-де күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.