$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 20:26
Жаңалықтар

Алматылықтар Арбат бойымен серуендей алмайды – Бекшиннің жаңа қаулысы

Қалада «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру жұмыстары жалғасатын болады

 

Алматылықтар Арбат бойымен серуендей алмайды – Бекшиннің жаңа қаулысы
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа қаулы 2021 жылдың 24 сәуірінде күшіне енеді.

«Кәсіпкерлік объектілерінде «ASHYQ» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» қаулыға сәйкес, егер мекеме ішінде «қызыл» және «сары» мәртебеге ие азаматтар анықталса, кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатысушылар қатарынан шығарылады.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пунктері, ломбардтардың жұмыс істеуіне рұқсат.

Қала ішінде және одан тыс жерлерде көшеттер отырғызу тек мамандандырылған қызметтерге ғана рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысушыларды қоспағанда, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады. Банкет және басқа да шара өткізуге тыйым салынады», - делінген Қаулыда.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына Арбат бойымен қозғалуға тыйым салынады. Бұл шектеу қала «қызыл» аймақтан шыққанша жалғасуы мүмкін.

«Саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, аллеялар, бульварлар, алаңдар және басқа да демалыс орындары - Жібек жолы даңғылында Абылайхан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады. Сондай-ақ, осы аумақта орналасқан тамақтану объектілері мен шағын бөлшек сауда жұмысы сенбі мен жексенбі күндері шектеледі. Жазғы алаңдарда тамақты жеткізу қызметін қоспағанда, жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін «ASHYQ» жобасының қатысушылары үшін рұқсат», - делінген құжатта.

 Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.

Серіктес жаңалықтары